28.10.2014
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеге 120-дан астам адам қатысты. Өз жұмыс орындарын 20-дан астам компания ұсынды. Қажеттілік танытқан мамандықтар: желі жөндеушілері, қазандық операторлары, қызмет көрсету саласының мамандары», - делінген хабарламада.
Әкімдікте хабарлағандай, партиялық «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі қатаң қадағаланады. Бүгінгі таңда 14 320 адамның ішінде 2 780 жұмысқа орналасты. Бұл жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп жүргізіліп отырған жұмыс.