• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда облысында биыл 8  мыңнан астам  жұмыс орны ашылды 15.10.2014

«1 қазандағы мәлімет бойынша 8157 жұмыс орны ашылған, оның ішінде 6878-і тұрақты жұмыс орындары. Жыл басынан бері 24 376 адам жұмыспен қамту органдарына өтініш берді, оның ішінде 9788 адам жұмысқа орналасты», - деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы Ж.Дәулетбаева.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда 1 қазанда экономикалық белсенді халықтың үлесі 359,9 мың адамды құрады. Оның ішінде 341,7 мың адам жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздық деңгейі 5% шамасында болды.


Back to the list