14.10.2014
«Шетелдік жұмыс күшін тартуға бекітілген квота ішкі еңбек нарығын сақтаудың құралы болып табылады. 2014 жылы республиканың экономикалық белсенді бөлігінің 0,7 пайызы деңгейінде бекітіліп, 2013 жылмен салыстырғанда 45 мыңға азайып, 108 мыңды құрады», - дейді ол.
Оның айтуынша, 2014 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ел аумағында 26 мың шетелдік азамат еңбек етіп жатқаны анықталды. Соның 70 пайызы білікті жұмыскерлер мен мамандар болып табылады.
«Квотадан бөлек шетелдік жұмыс күшінің құрамын реттейтін қосымша тетік ретінде кадрлардың жергілікті қамтылу талаптарын атауға болады. Сонымен қатар, бөлінген квота толық пайдаланылмай жатқаны анық.
Соңғы уақытта жеке тұлғалардың шетелдік жұмыс күшін тарту деректерінің артып келе жатқаны байқалады», - дейді депутат.
Депутаттың пікірінше, еңбек жалақысындағы теңсіздік мәселесі де жоқ емес. Шетелдік жұмысшы жалақыларының жергілікті мамандардың еңбекақысынан артықтау кетіп жататыны рас.
Камила Амирова