14.10.2014
Оның айтуынша, қазіргі таңда 32 мыңдай рұқсаттама бар. Солардың 47%-ы құрылыс саласына, 13%-ы кен өндіру саласына, 5%-ы өңдеуші өнеркәсіпке тиесілі. 2014 жылғы квота 63 мың адам көлемінде бекітілген. Қыркүйекке дейінгі мәлімет бойынша оның жартысына жуығы толған.
«Еңбек нарығының ауытқуының орта мерзімдік болжамы бойынша еңбек теңсіздігінің пайда болуына мүмкіндік мол. Алдағы бес жылда жаңа жұмысшылар ағымының азаюы байқалады. Бұл 90-шы жылдардағы демографиялық ахуалға тікелей байланысты», - дейді ол.
Ведомство басшысының айтуынша, еңбек нарығындағы тапшылық жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтушылар есебінен толықпақ. Бүгінгі таңда өзін өзі жұмыспен қамтушылардың көпшілігі ауыл шаруашылығы мен сауда саласында еңбек етеді.
«Қазіргі таңда мемлекетте шетелдік жұмыс күшін тартудың базалық шарты құрылған. Бүгінде шетелдік жұмысшылар жұмыс берушілерге квота және Индустрияландыру картасының маңызды жобаларын іске асыру мен халықаралық келісімдер аясындағы рұқсаттамалар арқылы келеді», - дейді министр.
Оның айтуынша, шетелдік жұмыс күшін тартудың бағыттары бойынша үш негізгі блок бар. «Бірінші блок – квота және рұқсаттама бойынша. Ол 2014 жылы халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 0,7 пайызын құрайды. Екінші бағыт шығатын елді іздеу мен үшінші бағыт – АЭА аясында жүзеге асырылатын жобаларға келіп өзін өзі жұмыспен қамтушылар», - дейді.
Камила Амирова