13.10.2014
Хабарламада айтылғандай, қос жобаның жалпы құны 4 млрд 497 млн теңгеден асады. 242,8 млн теңгеге диірмен кешенін сатып алу кәсіпорында тұрақты 47 жұмыс орнын ашты. Аталмыш қаражаттың 45,8 млн теңгесі «Фирма Нанар» ЖШС өз қаражаты.
«Макин құрылыс материалдары зауыты» ЖШС де өңірдің халқын жұмыспен қамтуға өз үлесін қосуда. Серіктестік 20 адамның екі қолға бір күрек табуына себепші болды. Олардың орташа айлық жалақысы 60 мың теңге шамасында. Кәсіпорын жұмысының қанатын кеңге жаюына сеп болған «Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырту» инвестициялық жобасы болды. Жобаның жалпы құны 37 млн теңге», - делінген хабарламада.