• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Г.Әбдіқалықова: Жұмыс орындарының болжанған дағдарысы  тәртібінде кәсіптік бейімделуді енгізу қажет 18.09.2014

«Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, әлемді жұмыс орындарының жаһандық дағдарысы күтіп тұр. Бүгіннің өзінде халықтың көбеюі есебінде жұмыс орындарының тапшылығы байқалуда. Зерттеудің мәліметі бойынша, «жиырмалық» елдерінде жұмыссыз 10 млн адам қалады, 447 млн күніне 2 доллар алады. Жұмыс орындарының болжанған дағдарыс тәртібінде кәсіптік бейімделуді енгізу қажет», - деді ол.

Оның айтуынша, Алматы облысы мал шаруашылығы, егін шаруашылығына өте қолайлы. Туристік саланы дамытудың әлеуеті жоғары. «Кәсіптік бейімделу жұмысын жүргізген жөн», - деді вице-премьер.

«Мемлекет басшының тапсырмасы бойынша, білім беру заңнамасына өзгертулер енгізілді. Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беруде жұмыс біліктілігін игеру үшін тегін білім беруді кепілдендіреді. Мамандарды оқыту үшін бөлінген гранттар әлеуеттілік бойынша сарапталып, өңірлерге бағытталады», - деді ол.

Г.Әбдіқалықова атап өткендей, кәсіптік жұмысты белсенділету қажет, ол жайында жоғары сынып оқушыларына насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. 


Back to the list