• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астананың еңбекке жарамды халқының 40%-ы ШОБ-та жұмыс істейді – әкімдік 13.09.2014

«Елордадағы еңбекке жарамды халықтың шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін азаматтар саны шамамен жалпы көрсеткіштің жартысына жетеді (шамамен 180 мың адам)», - деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Қалада бүгінгі таңда 50 мыңдай шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Ал ірі кәсіпкерліктерде мыңдаған қала тұрғыны еңбек етеді. ҚР үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығын іске асыру аясында өңірлік Индустрияландыру картасына 3 мыңдай жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген 86 млрд теңгенің 19 жобасы пайдалануға берілгені белгілі.

Жалпы, Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері 9,4 мың жаңа жұмыс орны ашылса, соның 6 мыңы шағын және орта кәсіпкерлікке тиесілі.

Астана бойынша бүгінгі таңда 830 мың тұрғын бар. Соның 447 мыңы экономикалық белсенді халық болып саналады.


Back to the list