• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында «ЖҚЖК-2020» аясында 7 ай ішінде  9 мыңнан астам жұмыс орны ашылды 12.09.2014

«Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7 ай ішінде 9 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 5654 жұмыссыз азаматтың екі қолға бір күрек табуына көмек көрсетілді», - дейді әкім.

Сонымен қатар, оның айтуынша, өңірде уақытша жұмыспен қамту шараларының да қарқыны жоғары, мысалы, 3 мыңдай адам осы уақытта уақытша еңбекке араласқан.

«Халықтың мақсатты тобына жататын азаматтарды жұмыспен қамту үшін кәсіпкерліктер мен ұйымдарда 866 әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, жастардың тағылымдамасына 725 адам жіберілді», - дейді өңір басшысы.

Оның айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына жалпы 5 млрд теңге бөлінген.

Индира Қауметова


Back to the list