10.09.2014
«Біз жобаны аяқтаған соң жеткізілетін нақты нәтиже қойдық. Семинарлар барысында 1500 адамды қамту жоспарланып отыр, бұл облыстардың әр ауданында ұйымдастырылады. Демек, әр ауданнан бір әйел өз бизнесін ашады», - деді ол.
Оның айтуынша, аймақтарда әлеуметтік зерттеу жүргізілетін болады.
«Оған қоса, өте маңызды жұмыс - 15 мың респондетті қамтитын әлеуметтік зерттеу жүргізіледі. Біз әлеуметтанушылармен бірігіп түсіндіру жұмыстарымен қосарланып сауалнамаалуды жоспарлап отырмыз», - деді Қауымдастық президенті.
Сондай-ақ, жобаның аяқталуында «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік-еңбек құқығының дамуына қатысты нақты ұсыныстар мен кепілдеме дайындау қарастырылған.
Индира Қауметова