• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында ЖҚЖК-2020 аясында 4 мыңға жуық әлеуметтік жұмыс орны ашылды 05.09.2014

Облыстық әкімдікте хабарлағандай, халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 2014 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 %-ды құрады (ҚР – 5,1 %), 2014 жылдың 1 шілдесіне тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,2 % (ҚР – 0,6 %).

Аталған кезеңде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушылары 11272 адаммен әлеуметтік келісімшарт жасалынды (2012 жылы – 5131 адам, 2013 жылы – 6141 адам), соның ішінде: жұмыссыздар – 10385 адам, өз-өзін жұмыспен қамтығандар – 887 адам, оның ішінде аз қамтылғандар – 45 адам.

Бағдарламаның іске асырылуын қорытындылай келе, ағымдағы жылы облыс бойынша ЖҚЖК-2020 бағдарламасының іс-шараларымен жалпы саны 7052 адамды жұмылдыру жоспарланды, соның ішінде өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2180 адам, жұмыссыздар – 3864 адам, аз қамтылғандар – 1008 адам.

«Жалпы жұмысқа орналасқандардың санынан, мүгедектерге арналған 3%-дық квота бойынша 380 адам жұмысқа орналастырылды немесе жалпы квоталанған жұмыс орындардың санынан 63,3 %.2014 жылдың 1 тамызына осы Ережелерге және мәслихаттардың басқа да шешімдеріне сәйкес, 72 мың азаматқа 976,9 млн. теңге көлемінде 23 түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.

 


Back to the list