12.08.2014
"Бүгінде еңбек нарығында бізде білікті жұмысшы мамандар жеткіліксіз, демек кәсіби техникалық білімге басымдылық беріледі. Кеңестік кезеңде жақсы жүйе жұмыс істеді, алайда тәуелсіздік алғаннан кейін білім жоғары білім саласына қарай кетіп қалды. Бүгінгі жағдайда біз дуалды білім беруді кеңінен енгізуіміз керек. Аталмыш жүйе Еуропа елдерінде кеңінен дамыған, атап айтар болса Германияда",- деп атап өтті Сырлыбаева.
Оның айтуынша, бұл жобада студенттер оқу барысында 20-30% оқу ғимаратында, қалған 70% тәжірибе жүзінде нақты кәсіпорында өткізген жөн.
"Осы ретте, маманды даярлау бойынша басты шығындарды кәсіпорын өз мойнына алады. Осылайша 2,5-3 жылға созылған оқудан кейін, түлек бірден жұмыспен қамтылады. Жұмысқа орналастыру 90% дейін жетеді және оларды қайта даярлауға шығындалудың қажеті жоқ. Яғни диплом алғаннан кейін ол бірден жоғары білікті маман ",- деді ол.
" Қазақстанда дуалды білім беруді кеңінен енгізу жұмысшы мамандықтардың беделін арттырады, себебі ол жалақысы жоғары білікті маман болады",- деп түйіндеді Сырлыбаева.
Мадина Нұрбекова