04.08.2014
«Жасыл ел -2014» маусымы жоспарға сәйкес мамыр айында ашылды. Студенттік жасақтар тал егу, аумақтарды абаттандыру жұмыстарынан бастады. Осы уақытқа дейін студенттер жасағы 1000 жуық аққайынның, шырша мен қарағайдың көшеттерін отырғызды.
«Қалалық «Жасыл ел» жасағында 200 студент еңбек етуде. Олар тал егу, аулаларды абаттандыру сынды жұмыстармен айналысуда. Осымен 9 жыл қатарынан студенттер кембағал жандардың интернаты мен қарттар үйіне барып олардың тұрғындары үшін түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады», - деді «Жасыл ел» жасағының командирі Қуаныш Қасенов.