29.07.2014
«Ақтауда 2014 жылдың басынан бері 3259 жаңа жұмыс орны ашылды. Дәлірек айтатын болсақ, өндірісте - 225, сауда - 1238, көлік және байланыс - 8, білім мен денсаулық сақтау - 5, құрылыс пен коммуникация - 113, басқа салалар бойынша 1670 жұмыс орны ашылды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 11 әлеуметтік жұмыс және жастар тәжірибесі аясында 59 бос орын ашылды.
Ал, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 138 жұмыс орны берілді. Олардың 5-уі бірінші бағыт бойынша, 73-і үшінші бағыт бойынша, ал 73 әлеуметтік жұмыс орындары болса, 60 орын жастар тәжірибесі аясында ашылды.