• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Семейде көз жанарынан айрылғандар массаж оқу курсынан өтті 28.07.2014

БҰҰ ДБ-ның «Инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуметтік қызмет көрсету (Семей аймағынын мысал ретінде)» жобасы аясында 10 мүгедек жан күндізгі оқу курсынан өтті. 

Бүгінде сертификат иелері тек өз жақындарына көмектесіп қана қоймай, өздерінің ісін аша алады.

«Біз қолымызға алтын кілт алдық, енді осы кілт қай есіктікі екенін білсек болғаны. Менің ойымша, біздің әрқайсымыз жаңа мүмкіндікке қол жеткіздік. Осы бірнеше күн ішінде біз жаңа бір кәсіпті меңгердік. Болашақта оның бізге әкелер пайдасы зор болатынына сенімдімін», - деді «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ төрағасының орынбасары Шәміл Тагиров.


Back to the list