24.07.2014
Ол кәсіпкерлік негізі бойынша арнайы курстан өтіп, сертификат алады. Кейін 6 пайыздық мөлшерлемемен 4,5 жылға 2 миллион теңгенің несиесіне қол жеткізеді. Сөйтіп, ол аудан орталығынан пеноблок кірпіштерін жасайтын цех ашып алды.
Аудандық жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, Евгений Завада аталмыш бағдарламаға катысып, өз кәсібін ашып отырған алғашқы адам емес. Аудан бойынша 2012 жылы 5 адам 12 миллион теңгенің несиесін алса, өткен жылы 13 адам 28 миллион теңгенің несиесіне ие болды.