24.07.2014
Павлодар облысы КП-ның ұйытқы болуымен Қашыр агро-техникалық коледжінде оқитын 40 маманды электргазын дәнекерлеуші және машинист-тракторшы мамандықтары бойынша даярлау үшін «Пішан жөндеу-механикалық зауыты» ЖШС-мен төртжақты келісімге қол қойылды. «Сағайдақ», «Родник», «Сатыбаев» шаруа қожалықтарымен және «Ділназ», «Егімбай» фермер шаруашылықтарымен 25 маманды «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша даярлау үшін Успен аграрлы-техникалық колледжімен үш жақты келісім жасалды.
«Бүгінде бизнес пен білім қандай мамандарды даярлау керек екенін талқыламайды, олар нақты іске көшкен. Олар бірлесіп бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлауда. Бұл салада жарқын мысал ретінде Павлодар облысының Лебяжі, Ертіс, Железинка аудандарында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен дуалды білім беру бойынша жасалған келісімдерді атап өтуге болады», - деді директордың әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары Бақытжан Ілиясов.