15.07.2014
Жәрмеңкеге келушілер бір уақытта бірнеше жұмыс берушімен әңгімелеседі, оқу орындарының түлектері «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жастар практикасына қатыса алады, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалар әлеуметтік жұмыс орындарына ұсынылады.
Қазіргі уақытта Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында тігінші, аспазшы, тәрбиеші мамандықтары бойынша курстарға қабылдау жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, қыркүйек айында мамандығы жоқ тұлғалар үшін байланыс монтаждаушысы-кабельдеуші, тігінші, күту бойынша кіші мейірбике мамандықтары бойынша кәсіптік даярлау жүргізіледі.