• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда облысында алдын ала ақпараттандыру жобасы іске қосылды – ҰКП 14.07.2014

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми порталының хабарлауынша, 2014-2015 жылдарға арналған жоспар бойынша Қызылорда мектептерінің бірінде 8-11 сыныптарға арналған «Кәсіпкерлік негіздері» дисциплинасын енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар облыстың 30 оқытушысына кәсіпкерлік негіздері біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылмақ.

Жоспар бойынша, Қылзылорда облысының аудандық мектептерінде 14 кәсіби бағытталған бұрыштар мен 1 тірек кабинет ашылмақ.

«Жүйелі негізде колледж студенттері арасында курстар мен өндірістегі экскурсиялар ұйымдастырылып, телеарналарда әлеуметтік бейне ролик көрсетілімдері ұйымдастырылып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы студенттер мен оқушыларға ақпарат берілмек», - дейді ӨКП директорының орынбасары Арман Бимағамбетов.  

Алдағы уақытта «Қаржы сауаттылығы негіздері» мен «Кәсіпкерлік негіздері» Қызылорда қаласының барлық 8-11 мектеп оқушыларына енгізілмек. 


Back to the list