11.07.2014
Аталған іс-шара ҚР Президенті - Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 47 жұмысберушіден 330 бос жұмыс орындары келесі мамандықтар бойынша ұсынылды: мұнай және құрылыс саласында - инженерлер, электрогазодәнекерлеушілер, күзетшілер, жүргізушілер, қызмет көрсету саласында - кассирлер, аспазшылар, менеджерлер және қосалқы жұмысшылар.
Жәрмеңкеге 150-ге жуық азамат жолықты, оның ішінде басым бөлігі 100-ге жуығы әйел адамдар болды.
Жәрмеңке нәтижесі бойынша жалпы 61 жұмыссыз азаматқа жолдама берілді.
Жыл басынан бері 160 жуық қала мекемелері мен кәсіпорындардың, сонымен қатар жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қатысуымен 9 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке нәтижесінде тұрақты, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, қоғамдық жұмыс орындарына 366 адам, соның ішінде әйел - 201, мүмкіндігі шектеулі азаматтар - 90, 29 жастағы азаматтар - 197, 50 жастан асқан азаматтар - 18 орналастырылды.