• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҚО-да ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту кеңінен қолға алынуда 10.07.2014

Кездесу нәтижесі бізді көп күттірген жоқ. «БаКС құрылыс ұйымы» ЖШС мектепті күрделі жөндеу жұмыстары бойынша Егіндікөл ауылының 14 тұрғынын түрлі жұмыспен қамтып отыр. Солардың ішінде үшеуі мүмкіндігі шектеулі жандар. Алдағы уақытта тағы 8 тұрғын аудан орталығында жаңа жұмысқа орналасады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  

«Аудан орталығының жұмыспен қамту бөлімінің жетекшісі А.Әмірхали кездесуде әлеуметтік жұмыстарға жергілікті халық көптеп тартылатын болса, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшылары мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына өзіндік үлес қосқан болып саналатынын айтты. Әлеуметтік жұмысқа орналасуда жұмыс беруші айлықтың тек 65 пайызын төлесе, қалғанын мемлекет береді», - деленген хабарламада.  

Айта кету керек, барлық облыстың ауылдық округтерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшылары 51 адамды жұмыспен қамтамасыз етті.

 


Back to the list