02.07.2014
Аталмыш ынтымақтастықтың мақсаты – текстиль саласы кәсіпкерліктеріне жоғары білікті мамандарды дайындау. Енді «SouthTextilineKZ» ЖШС текстиль кәсіпкрлігінде келесі мамандықтар бойынша кадр дайындау жұмыстары жолға қойылмақ: «тоқыма өндірісі», «иіру технологиясы мен түту өндірісі», «тігін өндірісі мен киімді модельдеу», деп хабарлайды palata.kz сайты.
Оңтүстік Қазақстан облысында 50-ден астам мақта өңдеу, иіру және тігін кәсіпкерілктері жұмыс істейді және осы саладағы мамандар тапшылығы байқалуда. Осы себепке байланысты, тиісті мамандардың жоқтығынан Қазақстанда шығарылатын мақта шикізаты шетке тасымалдануда. Осы орайда текстиль өндірісіне арналған мамандарды дайындау тек саланы дамытып қана қоймай, сонымен қатар елдің экономикасын да өрге сүйремек.