28.06.2014
Ақмола облысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Нұр Отанның» « Жастар Отанға!» жобасы аясында қалада «Кеңес Орталығы» консалтинг-орталығы жұмыс істейді, онда тегін 35 ұйым кеңес алады.
«Кеңес Орталығы» консалтинг-орталығының мақсаты – заңдық және тәжірибелік көмек көрсету. Сондай-ақ, жастарға мемлекеттік және өзге бағдарламалар бойынша ақпарат беру де олардың құзырына енеді.
«Кеңес Орталығына» жүгінген барлық жастар бос орындар жәрмеңкесіне шақырылды, олар түйіндімелерін қалдырып, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды.