• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мамырда орташа айлық атаулы жалақы 120 479 теңгені құрады - Статагенттігі 24.06.2014

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 249,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 234,1 мың теңге (1,9 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 205,5 мың теңге (1,7 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 72,1 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 40,2%-ға төмен, деп статистика агенттігінде хабарлады.

 Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 231,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 80,9 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,8%-ға төмен.


Back to the list