18.06.2014
«Аталмыш порталдың арқасында біз түлектердің жұмысқа орналасуының шын бейнесіне көз жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарындағы бәсекелестікті арттырып, сапаны күшейтуге әсер етеміз деп ойлаймыз. Осы арқылы ЖОО құжат тапсыратын талапкер де жұмысқа орналасу деңгейіне қарап өзіне білім ордасын таңдай алады», - дейді облыстық жастар саясаты басқармасының жетекшісі Жасұлан Сәрсенбаев.
ШҚО ақпараттық орталығының мәліметінше, осы портал арқылы қазіргі таңда 272 жас қазақстандықтың мәліметтері жинақталып, сараптамадан өтуде. Ондағы мақсат білім мен жұмысқа орналасу көрсеткішін салыстыру.
Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша тағы екі жоба белсенді қызмет етуде – «Жастардың іс-тәжірибесі» мен «Дипломмен ауылға». Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Жастардың іс-тәжірибесі» жобасы аясында 1805 адам екі қолға бір күрек тапқан. Жастардың электронды еңбек биржасы да өз жұмысын жүргізуде. Оған қазіргі таңда Қазақстанның 5 облысы қосылған.