• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕХӘҚМ  инклюзивті білім беру мәселесін қарайды 12.06.2014

«Инклюзия негізінде мүгедек балаларды оқытумен толыққанды қамтамасыз ету жеткіліксіз. Инклюзивті білім беру дегеніміз Заңда (мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесі туралы заңда) интеграцияланған оқыту жүйесі дегенді білдіреді. Инклюзивті оқытуда мүмкіндігі шектеулі балалар сау балалармен бірге оқытылады. Олар үшін мектептерде бөлек сынып құрылады. Бұны біз Солтүстік Қазақстан тәжірибесінен көре аламыз», - дейді депутат.  

Демек, қарапайым мектептегі қатардағы сыныпта оқушылар ерекше бағдарлама бойынша, ерекше әдістемемен білім алады.

«Қазіргі жағдайда инклюзивті оқыту тек қана дефектологтарға жүктелген. Ал негізінен бұл мәселе барынша ауқымды. Министрлік өкілдеріне аталмыш мәселеге назар аударуды сұраймын. Мемлекеттік жалпы көрсеткіштік стандарттардың рөлін ескере отырып білім берудегі оқыту процесіне инклюзивті оқыту есебін міндеттеуді ұсынамын», - дейді. 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list