• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мамырда еңбек нарығында 8,8 млн қазақстандық жұмыс істейтіндігі анықталды – Статагенттігі 12.06.2014

Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 169,1 мың адамға немесе 2,0%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,1 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,3%) құрады.

2014 жылғы I тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 66,6%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 33,4% құрады.  

2014 жылғы мамырда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 466,4 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады, деп статистика агенттігінде хабарлады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2014 жылғы мамыр айының соңына 61,0 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады (2013 жылғы мамырда – 0,7%).  


Back to the list