11.06.2014
«Бағдарламаға 100-ден астам 10-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар көшбасшылық негіздері мен шешендік шеберлігі бойынша курстан өтіп, сонымен қатар алдағы Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты мәліметтерге қанық болды. Бұл жеткіншектер 2017 жылы көрме қарсаңында студенттердің қатарында болып, ерікті ретінде көрме жұмысына араласады», - дейді Қ.Сахметов.
Оның айтуынша, сабақтар сұранысқа ие жұмыс мамандықтары бойынша өткізілді.
Атап айтар болсақ, олар энергетика, ақпаратты технология, телекоммуникация, мұнай мен газ. Жалпы, оған 30-дан астам ірі компания қатысты.
Камила Амирова