11.06.2014
Жөндеу кезінде 1526 жұмыс орындары құрылатын болады, соның ішінде, ЖҚЖК Бағдарламасының қатысушыларын жұмысқа орналастыру үшін 733 жұмыс орыны.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету»бойынша50 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарын және жолдарды күрделі жөндеуге 2459,1 млн.теңге қаралды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
2014 жылдың 1 маусымына 27 жоба бойынша жұмыстар басталды, 729 жұмыс орындары құрылды (47,7%), соның ішінде 371 адам (50,9%) жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойыншажұмысқа орналастырылды.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» аясында 325 бағдарлама қатысушыларына сомасы 509,5 млн.теңге шағын несие беру жоспарланды.
Ағымдағы жылдың 1 маусымына 27 бағдарлама қатысушыларына сомасы 56,9 млн.теңгеге шағын несие берілді.