• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Кәсіпқор» холдингі 2014 жылы NCCER  пішіні аясында 4 бағыт бойынша оқытуды жоспарлауда (Фото) 10.06.2014

««Кәсіпқор» холдингі 2014 жылы аккредитация алу үрдісін ұйымдастырып, 4 бағыт бойынша оқытуды көздеп отыр. Олар: су курстары, құбыр желісінің монтажы, электр монтажы, КИПиА техникасы. Ол Атырау қаласындағы мұнай саласының мамандарын дайындау бойынша өңіраралық кәсіптік орталықта жүзеге асырылады», - деді «Кәсіпқор» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Айжан Ахметова.

Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін аталмыш 2-4 деңгейін енгізу бойынша жұмыс жүргізу жоспарланған.

Айта кетерлігі, қазақстандық құрылыс саласының жұмыс күшін дамыту үшін Атыраудағы өңіраралық кәсіп орталығының әлеуетін бірінші кезекке қойып отыр.

Шетелдік сарапшылардың айтуынша, NCCER бойынша аккредитация алу және оқыту бағдарламаларын өткізу құрылыс саласындағы  қазақстандық жұмыскерлердің біліктілігін арттырады. Оған қоса, ҚР аумағындағы шетелдік жұмыскерлердің азаюына септігін тигізіп, отандық қызметшілердің әлеуетін арттырады. 

Мадина Нұрбекова

Фото -Азамат Алиева


Back to the list