06.06.2014
Ол қызметкерлердің гендерлік ерекшеліктеріне тоқталып, жыл сайын министрліктердегі қызметкерлердің арасындағы басшылық қызметтегі нәзік жандылардың үлес салмағының артып келе жатқанын айтты.
«Гендерлік құрам бойынша ер адамдардың үлесі басым 2758 (70,9%), әйелдер тиісінше 1130 (29,1%). Орталық аппараттағы басшылық лауазымында 74 адам бар, соның ішінде әйелдер саны 32 (43,2%). Шамамен 5-7 жыл бұрын пропорция мүлде өзгеше болатын. Жыл сайын басшылық лауазымдағы әйелдер саны артып келеді», - дейді С.Хасенов.
Сонымен қатар, С.Хасенов қызметкерлердің өңірлік ерекшеліктері туралы да айта кетті.
«Қызметкерлердің жалпы санының 57-сі (18,6%) Ақмола облысынан, 35-і (11,4%) Қостанай облысынан, 26-сы (8,5%) Қарағанды облысынан, 23-і (7,5%) Оңтүстік Қазақстан облысынан, 22-сі (7,2%) Солтүстік Қазақстан облысынан, қалған қызметкерлердің 46,8%-ы Қазақстанның өзге өңірлерінің өкілдері», - дейді төраға.
Индира Кауметова
Фото-Азамат Алиев