02.06.2014
«Бірінші бағыт аясында біз биыл облыс әкімдіктерімен өзін өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар, жұмыссыздар мен әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды жұмысқа орналастыру бағдарламасына қатысатындардың нақты санын анықтадық, олардың саны 154 мың болмақ», - дейді министр.
Оның айтуынша, бағдарлама бойынша жаңа жұмыс орындары ашылмайды.
«Біздің бағдарлама халық арасындағы мақсатты топтың жұмысқа орналасуын қарастырады. Олар мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша құрылған жаңа жұмыс орындарына жұмысқа тұрмақ. Сонымен қатар, өз кәсіпкерліктерін ашуға ниетті жандарға да қолдау көрсетеді. Сол себепті индикаторлар қазірде әкімдіктердің келісімін алады. Бүгінде жергілікті атқарушы билік индикаторлар аясында Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруда», - дейді ол.
Мадина Нұрбекова