• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2013 жылы еңбекке қабілетті халықтың  саны 80 мыңға  өсті 30.05.2014

«2013 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында еңбекке қабілетті жастағы 8,4 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 79,8 мың адамға (1,0%-ға) артты. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі (4,3 млн. адам) – ерлер, 48,3% (4,1 млн. адам)  – әйелдер», - делінген хабарламада.

2013 жылы еңбекке қабілетті жастағы жалдамалы қызметкерлердің саны 5,9 млн. адамды немесе экономикада жұмыспен қамтылған осы жастағы халықтың жалпы санынан 70,0% құрады.

Еңбекке қабілетті жастағы жұмыссыз халықтын саны 470,7 мың адамды құрады, олардан 44,6% - ерлер, 55,4% - әйелдер. 2013 жылы осы жастағы тұлғалардың арасында жұмыссыздық деңгейі 5,3%  құрады.

Еңбекке қабілетті жастағы 16-28¹⁾ жастар жұмыссыздығының деңгейі 5,6%     2012 жылы– 5,4%) болды.


Back to the list