23.05.2014
Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы сәуірге 111,1%, ал нақты жалақы индексі 104,3% құрады, деп ҚР Статистика агенттігінде хабарлады.
Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 254,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 244,8 мың теңге (2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 219,0 мың теңге (1,9 есеге асты) белгіленді.
Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 55,0 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 53,0%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді - 228,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 2,0 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 74,4 мың теңгені құрады.