• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Отандық еңбек нарығы жоғары білікті мамандарды қажет етеді – Қ. Жақыпов 16.05.2014

«Қоғамдық ортада үлкен жұмыс жүргізу қажет, әсіресе жастар арасында. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – өз ісіне сүйіспеншілікпен қарау және оған жауапкершілікті сезіну жолында құрылған қоғам. Біз ел жастарын жоғары білікті маман болып, жетістікке жетуіне ұмтылуына жол салу керекпіз», - деді Қ. Жақыпов.

Сондай-ақ, ол «бүгінде отандық еңбек нарығы жоғары білікті мамандарды қажет ететіндігін» айтты.

«Бұл үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін мамандарды даярлау мен қайта даярлау жолы. Дуалды және кәсіби білім беруді арттырып, салалық инновацияны былай қойғанда, қолданбалы біліктіліктің заманауи орталықтарын құру керек.  Біз инженерлік білім беру, техникалық мамандықтар бойынша кадр дайындауды дамыту қажеттілігін бірнеше жыл қатарынан айтудамыз», - дейді Мәжіліс төрағасы.

Сонымен қатар, ол ғылыми экономиканы дамытуға арналған ғылым мен кәсіпкерліктің бірлесу мәселесіне тоқталды.

«Өкінішке қарай, ғылыми-зерттеу мамандары мен институттар сапасы, кәсіпкерлік пен зерттеу орталары арасындағы байланыс деңгейі бойынша халықаралық көрсеткіште  Қазақстан жоғарғы көрсеткішке қол жеткізе алмай отыр», - деді ол. 

Камила Амирова


Back to the list