• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО Бесқарағай ауданының кәсіпкерлеріне 50 млн теңге бөлінді 14.05.2014

Бесқарағай ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Бағдарламаға қатысу ауданға тек жұмыссыздықпен күресуге ғана емес, қажетті мамандарды оқыту мен кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізеді, - деп ШҚО ақпараттық орталығында хабарлады.

Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ұсыну үшін 2014 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай сүйемелдеу» АҚ арқылы бағдарламаның 20 қатысушысына 50 млн теңге бөлінді.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында кәсіптік оқыту жүзеге асырылуда, облыстың 24 мекемесінде аталмыш үрдіс жүруде. Бағдарлама қатысушыларының ішінде оқытуға 2011-2013 жылдары бағытталған 67 адам 2014 жылы курстарын аяқтайды. Ағымдағы жылы 45 адам оқытумен қамтылады. 


Back to the list