14.05.2014
Панельді сессиясының жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері: Әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық қоғамдастығының бас хатшысы, Шығыс Европа және Орталық Азия елдері үшін лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау топтарының және ХЕҰ бюросының директоры қатысады.
Панельді сессия барысында әлеуметтік серіктестік аясында экономикалық өсуге өз әсерін тигізуге бағытталған бірқатар ұсыныстар мәлім болады. Сондай-ақ, еңбек нарығын қорғау аясында қызметтік өніміділікті қамтамасыз ету үрдістері де назардан тыс қалмайды, деп ұйымдастырушылар хабарлады.