11.05.2014
Қатысуға ниет танытқандар 31 мамырға дейін өтініш берсе болады. Ал, маусымның 1 мен 20 аралығында байқаудың екінші кезеңі басталады. Онда тұрғындар www.astana.gov.kz сайтында үздік елордалық тұрғынға дауыс береді.
Айта кетерлік жайт, «Астана Тандауы» додасының жеңімпаздары қошемет пен қатар материалдық сыйлықтар алады.
Бүгінде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша еңбек нарығында инженер, механик, энергетик, электрик, газ және электр дәнекерлеуші, мұғалім, дәрігер мен тәрбиеші мамандарына сұраныс жоғары.
Бұдан басқа, қалаға экономикалық және зеңгерлік сала бойынша мамандар қажеттілігі төмен.
Жалпы, Астана қаласының тұрғындар саны 2014 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 821,9 мың адамға жетті. Ал, жұмыссыздық деңгейі 2013 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға , жастардың жұмыссыздығы 7,7%-ға дейін төмендеді.