04.05.2014
Ведомство «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындады. Онда ҚР 30-дан астам нормативті-құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерту енгізу көзделген.
«Елімізде қолданылатын мүгедектердің әлеуметтік және экономикалық құқықтарына кепілдіктер, жалпы БҰҰ Конвенция ережелеріне сәйкес келетінін атап өткен жөн. Сонымен қатар, Конвенцияны іске асыру мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіруді және жаңа тиімді тиімді тетіктерін енгізуді және оларды әлеуметтік ықпалдастыруға жағдай жасауды талап етеді», - деп министрліктен хабарлады.
Сонымен, мысалы, - «қолжетімді орта», «қоғамдық орын», «халықтың іс-қимылы шектеулі топтары», «субтитрлер», «сурдоаударма» секілді жаңа ұғымдарды енгізу; - мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолжетімді нысанда қызметтерді алуға құқықтарын кеңейту, қылмыстық істерге қатысу кезінде кемсітпеу ережесін жүргізу сынды түсініктерді енгізу көзделуде.
Заң жобасында басқа да түсініктерді енгізу жоспарланған. Жалпы, заңжобасының мәтінемн мына жерден таныса аласыз.