• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылғы ақпанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 104949  теңгені құрады – Статагенттігі 16.04.2014

2014 жылғы ақпанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 104949  теңгені құрады, 2013 жылғы ақпанға қарағанда 6,3% өсті. Нақты жалақы индексі 2013 жылғы ақпанға 100,8% құрады, деп статистика агенттігінде хабарлады.

2014 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 463,5 мың адамды құрады.

Айта кетейік, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,1% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2014 жылғы наурыздың соңына 52,3 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,5%-ын құрады.

 


Back to the list