14.04.2014
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, бағдарламаның «Инфрақұрылымдар мен тұрғын үй коммуналды шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамту» бірінші бағыты бойынша білім және денсаулық сақтау бойынша 25 әлеуметтік нысанға қүрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл мақсатта 1,380 млрд. теңге бөлінді.
Аталмыш жобаларға 690 адамды жұмысқа орналастыру көзделуде, олардың 345 - бағдарламаларға қатысушылар. Әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары маусым айында басталады.
Екінші бағыт - «Жұмыс орындарын кәсіпкерлікті және бекініс ауылдарын дамыту арқылы ашу» бойынша 440 адам кәсіпкерлік негіздеріне үйретілсе, 860 адамға 1,2 млрд. теңге көлемінде микронесие беріледі. Ал, микронесиеалушылардың 50 инфрақұрылымдармен қамтамасыз етіледі.
«Оқыту және жұмыс берушінің қажеттілігі бойынша көшіру арқылы жұмыспен қамту» үшінші бағыты бойынша кәсіптік оқуларды ұйымдастыру мақсатында республикалық бюджеттен 425,2 млн. теңге бөлінсе, кәсіби оқытуларға 220 адамты тарту көзделуде. Ал, әлеуметтік жұмыс орындарына 255 адам орналастырылып, 1000 жас түлек жастар тәжірибесіне жіберіледі.