• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елордадағы бірқатар медициналық мекеме сенімді басқаруға беріледі 06.11.2017

«Соңғы 7 жыл ішінде елорда тұрғындарының саны екі есе көбейді. Осыған орай халықтың медициналық қызметке сұранысын қанағаттандыру үшін медициналық ұйымдар желісін дамыту қажет. Денсаулық сақтау басқармасы МЖС шеңберінде көпсалалы клиника, 12 емхана, оңалту орталығы, патологоанатомикалық бюро, хоспис және медициналық қызметкерлерге арнап тұрғын үй салуды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты 37 медициналық ұйым бар. Оның 16 емхана, 20 стационар мен бір жедел жәрдем стансасы. Денсаулық сақтау жүйесінде 9600 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Стационарларға жүгінген пациенттердің саны жылына 190 000 көрсетіп отыр.

 


Back to the list