03.11.2017
«Тереңкөл ауылында жаңа спорт кешенін тұрғызуды армандап едік.Тұрғындарды көпшілік спортына тарту жұмыстарын жалғастырып, оған қосымша қаражат бөлуді қарастырамыз», – деді Болат Бақауов.
Жаңа спорт кешенінің жалпы құны – 215 млн теңге. Құрлысты «Портал ПВ» ЖШС 6 ай ішінде аяқтады.
«Осындай спорт кешенінің ашылғанына қуаныштымыз. Жаңа кешенде өтетін секцияларға көптеген оқушылар қатысады деп ойлаймын», – дейді №3 Тереңкөл ауылы мектебінің 9 сынып оқушысы Санжар Қайыржанов.
Жаңа кешеннің ресми түрде тұсауы кесілгеннен кейін облыс әкімі функционерлерге 1 миллион теңгеге сертификат ұсынылды. Бұл ақшаға спортпен айналысатын ауыл жастарына спорт жабдығы сатып алынады.
Атап айтқанда, спорт кешенінің жанында толық өлшемді футбол алаңы орнатылды. Алаңда алғашқы жолдастық матч Качир мен Железин, Успен аудандары құрамалары арасында өтті.