30.10.2017
«Даму-мед» қосымшасы Қарағанды облысында қазан айының басынан бастап қолданыла бастады. Оның көмегімен науқастар дәрігерлерге қаралуға жазыла алады, өздерінің сараптамаларын қадағалап, оқыс жағдайда «SOS» пернесін басып жедел-жәрдем шақыра алады», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда қосымшаны төрт мыңнан астам адам жүктеп алды. Жылдың соңына қарай біз оны 50 мыңға жуық адам жүктейді деп күтіп отырмыз. Ол дәрігерлерге де, науқастардың өзіне де өте ыңғайлы. Пайдаланушы бұл қосымшаны орнатқанда, ол тіркелген емханада ол бірден көрінеді.
Қосымшаны өзіңіз тіркеуде тұрған емханаңызға телефон нөміріңізді қалдырып, сонан соң жүйтеуіңізге болады. Аталмыш нөмірге сілтеме жіберіледі. Ол арқылы өтіп, қосымшаны орнатуға болады.