• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан халқы емханаға тіркеу науқанына  белсенді қатысуда 18.10.2017

Қыркүйек айының 15-і мен қарашаның 15-і аралығында елімізде емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр.

Шара барысында бұрын-соңды тіркеуге тұрмаған тұрғындар қалаған емханасына барып тіркеле алады.

«Сондай-ақ, бұл науқан азаматтардың медицина мекемесін таңдау құқығын іске асыруға мүмкіндік бермек. Қор өкілдерінің дерегіне сүйенсек, қазір қазақстандықтар науқанға үлкен қызығушылықпен қатысып жатыр. Қор биылғы тіркеу науқанының нәтижесін жұмыс аяқталғаннан кейін жарияламақ», - деп хабарлады Қор.

Айта кетейік, науқанға қазақстандықтармен қатар шетелдіктер де қатыса алады.  Емханаға  тіркелу үшін бас дәрігердің атына жазылған өтініш, жеке куәлік және баланың туу туралы құжаты болса жеткілікті.

Ақбота Күзекбай

 


Back to the list