11.10.2017
Сала маманының айтуынша, министрлік дәрілік заттарды пайдалану саласын қалыптастыру бойынша әртүрлі шараларды қабылдауда.
«Биылғы жылдың 3 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында және 4 қыркүйекте Парламент палатасының бірлескен отырысында талқыланған бюджет қаражатын жұмсау тиімділігіне, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық теxникамен қамтамасыз ету барысына, сондай-ақ отандық фармацевтикалық нарықты дамытуда туындаған кедергілерге талдау жүргізу қажеттілігі жайында мәселелер көтерілді. Осы бағытта Министрлік бірқатар жұмыстар атқарды», - деп атап өтті Арнұр Нұртаев.
Оның айтуынша, дәрілік заттарды пайдалану аясында жүзеге асырып отырған шараларды төрт негізгі бағытқа бөлуге болады.
«Атап айтсақ, Экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету – бұл дегеніміз мемлекеттің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алатын дәрілік заттардың бағасын реттеудің қолданыстағы жүйесін жақсарту, Мемлекет сатып алатын дәрілік заттардың тізімін қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету – медициналық теxнологияны бағалаудың xалықаралық меxанизмдерін енгізу, медициналық теxниканы және дәрілік заттарды сатып алудың ашық рәсімін қамтамасыз ету - амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік заттарды қамтамасыз етуді орталықтандыру және электронды сатып алуға көшу, медициналық өнімдер мен дәрілік заттарды тіркеу рәсімін жеңілдету», - деді ол.
Сонымен, спикердің айтуынша 2018 жылы рецептпен берілетін дәрелердің бағасы ретке келтіріледі.
Ақбота Күзекбай