• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Диагностика неғұрлым ерте жасалса, ауруды емдеу соғұрлым жеңіл болады – Радиологтар 10.10.2017

Сондай-ақ осы форум профессор, радиология академигі Жанғали Хамзабаевтың 80 жылдығына орай жүргізіліп отыр. Биылғы жылы форумға 25 елден белгілі радиологтар, соның ішінде Оңтүстік Азия радиологтар қоғамының президенті, Еуропалық радиологтар қоғамының президенті келді.

Форумда әлеуметтік маңызы бар аурулар диагностикасының тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстан радиология қоғамының президенті Раушан Рахымжанова форумның мақсаты қазақстандық радиологтарды әлемде қолданылып жүрген инновациялық технологиялармен таныстыру екенін айтты.

«Бізде барлық ірі медициналық орталықтар, қалалық ауруханалар радиологияда қолданылатын ең заманауи технологиялармен жарақтандырылған. Әлемдегі барлық заманауи әдістерді біз Қазақстанда да енгізіп жатырмыз. Біз Еуропалық радиологтар қоғамының толық мүшесіне айналдық», - деп атап өтті  Р. Рахымжанова.     

Қазақстан радиология қоғамының басшысы айтып өткендей, емнің сәтті болуының 90%-ы диагностикаға байланысты.    

«Бізде аурулардың 3 мыңға жуық бірлігі диагностикалануы мүмкін, рентген, УДЗ, МРТ сияқты барлық әдістер бір мамандыққа біріктірілген. Бізде рентген-радиологтар саласында 3 мыңға жуық маман бар. Онкологиялық аурулар проблемаларының бірі әлем бойынша бірінші орын алатын сүт безінің қатерлі ісігі. Біз осыған үлкен көңіл бөлеміз. Мемлекет скрининг үшін үлкен қаражат бөледі, бұл ерте диагностиканың негізгі міндеті болып табылады. Диагностика неғұрлым ерте жасалса, ауруды емдеу де соғұрлым жеңіл болады», - деп атап өтті ол.

Бұдан бөлек, форум аясында белгілі компаниялар әлемдік деңгейдегі өз өнімдерін ұсынған радиологиялық жабдық көрмесі ұйымдастырылды.

 

Ақбота Күзекбай


Back to the list