• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО халқы республикада алғаш болып электронды денсаулық паспортына қол жеткізеді 02.10.2017

Бұл жүйені іске асыру үшін 8582 компьютерлік техника сатып алынып, жыл соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары компьютермен 100 пайыз жабдықталатын болады. Яғни, мамандар медициналық ұйымдардан науқас туралы электронды ақпарат алмасу үшін бірыңғай сервер арқылы байланысады. Ол ақпарат автоматты түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталыққа түсіп отыратын болады.

Ал облыстың медициналық ұйымдарын кешенді медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңде жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бірінші кезеңге сәйкес, жыл басынан бері облыстың 35 амбулаториялық-емханалық ұйымында медициналық ақпараттық жүйе орнатылған. Екінші кезең бойынша осы жылдың соңына дейін 68 денсаулық сақтау ұйымында медициналық ақпараттық жүйе құру жоспарланып отыр.

 


Back to the list