• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық отралығы халықаралық сертификатқа ие болды 28.09.2017

Денсаулық сақтау министрлігінің  баспасөз қызметі хабарлағандай,  халықаралық қағидаттарға сәйкестік сертификаты 2021 жылдың тамыз айына дейін жарамды.  

Бұл ДСДРО Аккредиттеу орталығының төрт мүмкіндіктен ISQua халықаралық қағидаттарына сәйкес төртінші сертификаты.

Естеріңізге саламыз, 2017 жылдың басынан ДСДРО сапаның әлемдік стандарттарына сәйкес келетін ISQua аккредиттеуші ұйым ретінде танылды, стационарларға арналған стандарттар бойынша және амбулаториялық-емханалық ұйымдарға арналған стандарттар бойынша ISQua сертификаттарын алды.

Осының арқасында ДСДРО Аккредиттеу орталығы барлық бағдарламалар бойынша ISQua аккредитациясын алған ТМД және Шығыс Еуропа аймақтарындағы бірден-бір ұйым атанды.

Бұл Қазақстанның медициналық ұйымдарын аккредиттеу жүйесі ең жоғары деңгейдегі халықаралық талаптарға сәйкес келеді дегенді білдіреді және ДСДРО Аккредиттеу орталығы үдерістер әдістемелері және  ұйымдастыру жағынан  Joint Commission International (АҚШ) и Accreditation Canada (Канада) секілді халықаралық ұйымдармен бір қатарда тұрады.

Сонымен, ДСДРО Аккредиттеу орталығы аккредиттеуші орган ретінде, сондай-ақ консалтингтік компания ретінде халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік алды.

Аккредиттеу жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігінің дәлелденіп, расталуы  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жоспарланған маңызды қадам. 

 


Back to the list