• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада дүниежүзілік жүрек күні өтті 27.09.2017

«Хан шатыр» СОО ұйымдастырған «Денсаулық қалашығы» елорданың әрбір түрғыны мен қонағына тегін тексерілуден өтуге мүмкіндік берді.   

Іс-шараның мақсаты – халықты салауатты өмір салтын ұстануға уәждеу, азаматтарды скринингтік тексерілуден уақтылы өту қажеттігі туралы ақпараттандыру, әр түрлі қоғамдық институттарды қан айналым жүйесі ауруларының алдын алу жұмысына тарту. 

«Денсаулық қалашығы» 4 аумаққа бөлінді. «Денсаулық аумағында» эндокринолог, кардиолог, невропатолог қабылдады. Мұнда артериялық қысымды өлшеуге, қант мөлшерін, қандағы холестерин мөлшерін анықтауға болды.  «Физикалық белсенділік аумағында» келушілер ЕДШ дәрігерінен консультация ала алды. 

Сондай-ақ «Дұрыс тамақтану аумағы» мен "Ақпараттық аумақ" жұмыс істеді. Келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list