18.09.2017
Қазан қаласында Татарстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ильдар Фатихов пен Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқарамасы делегациясының өкілдерінің кездесуі өтті.
Келіссөздер нәтижесі бойынша болашақта бірлесіп жұмыс істеу туралы шешім бір аузыдан қабылданды.
И. Фатихов қонақтарға Татарстандағы медицинаның басымдылық берілген бағыттары мен міндеттері туралы айтып берді.
Өз кезегінде, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Хорошаша Татарстан медициналық қызметтерінің бір жолға қойылған жұмысын және барлық деңгейдегі медициналық мекемелер жұмысшыларының кәсіби біліктілігін атап өтті.
Сапар аясында қазақстандық делегация Татарстанның денсаулық сақтау саласындағы тәжірибесін зерттеу үшін медициналық мекемелерін аралап шықты.
Қазақстанның денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жоспарында – Татарстанда көрген барлық артықшылықтарды меңгеру және татарстандық әріптестердің инсульт орталықтарының тәжірибесін өзімізде қолдану.